Ақпарат Технология

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН АЛАПТАР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл бағыттағы жобалар қала әкімдігінің цифрландыру басқармасы мен жеке инвесторлар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылды.

2023 жылы басталған бұл жоба аясында алғашында 14 тұрғын алап талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылса, 2024 жылдың соңына дейін тағы 20 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет тартылды. Нәтижесінде бүгінде Шымкент қаласының барлық тұрғын алаптарында сапалы, тұрақты интернет қолжетімді.

Жобаның негізгі артықшылығы — заманауи талшықты-оптикалық инфрақұрылымның тартылуы. Бұл желі деректерді жылдам әрі үздіксіз жеткізу мүмкіндігін береді, соның нәтижесінде қала тұрғындары онлайн білім, қашықтан жұмыс істеу, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану секілді бағыттарда тиімді мүмкіндікке ие болды.

Атап айтқанда, Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ-1, Ынтымақ-2, Самал-1, Самал-2, Тассай, Кіші Самал, 112, сондай-ақ «Оңтүстік» тұрғын алаптары бүгінде толықтай оптикалық интернетпен қамтылған. «Оңтүстік» тұрғын алабында ғана 38 мыңға жуық халық тұрады.

Сонымен қатар, мобильді байланысты жақсарту мақсатында 29 тұрғын алапта базалық станциялар орнатылып, байланыс сапасы күшейтілді. Бұл үшін қала аумағынан тиісті жер телімдері бөлінді.

Қазіргі таңда қаладағы барлық тұрғын алаптарда интернет пен мобильді байланысқа қолжетімділік тұрақты қамтамасыз етілуде. Бұл – цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды жетістіктердің бірі.

Қатысты жаңалықтар

COVID-19: СОДА ЖӘНЕ СПИРТПЕН ИНГАЛЯЦИЯ ЖАСАҒАН ДҰРЫС ПА? (ВИДЕО)

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛДІ

bastynews

#ШЫМКЕНТ_ЖЕТІСТІКТЕРІ_2024

bastynews