Ақпарат Жаңалықтар

AI-SANA: АСТАНАДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астанада Astana Hub технологиялық алаңында өткен AI-SANA атты ашық митапта жасанды интеллект (ЖИ) саласының келешегі мен Қазақстанның бұл үдерістегі орны кеңінен талқыланды. Іс-шараға отандық IT саласының сарапшылары, бизнес құрылымдар, мемлекеттік органдар мен цифрлық технологияларға қызығушылық танытқан жастар қатысты. Мақсат — Қазақстандағы жасанды интеллектінің даму бағытын нақтылау және жергілікті модельдерді қолдау арқылы ұлттық дербестікті қамтамасыз ету.

Кездесуде сарапшылар Қазақстан алдында екі жол тұрғанын атап өтті.
Біріншісі, дайын шетелдік платформалар мен шешімдерді пайдалану арқылы, жазылымға ақша төлеп, деректерімізді сыртқы жүйелерге беру. Бұл жол бізді технологиялық тәуелділікке алып келуі мүмкін.
Екіншісі, өзіміздің ана тілімізде сөйлейтін, ұлттық болмысымызға сай келетін ЖИ модельдерді жасап, оларды медицина, білім беру және мемлекеттік қызмет жүйелеріне енгізу. Осы бағытта қазір нақты қадамдар жасалып жатыр.

Әлібек Айдосұлы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары, бұл салада үш негізгі бағыт айқындалғанын мәлімдеді:

  1. Институционалдық орта – ЖИ дамыту үшін арнайы мемлекеттік орган құрылды. 2024–2029 жылдарға арналған ұлттық тұжырымдама қабылданды. Сондай-ақ, «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленуде. Бұл құжаттар саланың қауіпсіз әрі тиімді дамуына құқықтық және стратегиялық негіз қалайды.
  2. Инфрақұрылым – Қазақстанда деректерді өңдеу және сақтау, есептеу қуаты, бұлтты технологиялар мен серверлік шешімдер жағынан ілгерілеу байқалады. Astana Hub, QazInnovations және басқа да ұйымдар отандық стартаптарға қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, ЖИ модельдерді оқытуға қажетті деректер жиынтығы жасалып, өңделіп жатыр.

AI-SANA митапының нәтижесі ретінде қатысушылар бірқатар ұсыныстар мен бастамалар дайындады. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі ашық ЖИ модельдерін қолдау, мемлекеттік жобаларда отандық шешімдерді басым пайдалану, кәсіпкерлік экожүйені ЖИ жобаларымен кеңінен қамту қажеттілігі айтылды.

Қорытындылай келе, AI-SANA – бұл жай ғана пікірталас емес, ЖИ саласындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Қазақстан жаһандық технологиялық өзгерістерден шет қалмай, өзінің дербес жолын қалыптастыруға қадам жасап отыр. Алдағы жылдары жасанды интеллекттің ұлттық моделі іске қосылып, еліміз цифрлық егемендікті қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қоймақ.

Қатысты жаңалықтар

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ

bastynews

КЕН ҚАЗАТЫН ШАХТА РОБОТТАРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ЖАСТЫҢ БИЗНЕС-ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Bastynews