Ақпарат Жаңалықтар Саясат

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: – ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді; – аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады; – мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды; – еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

Даррен Вудс: – Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

Дереккөз:  t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

ГҮЛ МЕРЕКЕ, КҮН МЕРЕКЕ – 8 НАУРЫЗ

bastynews

ТІЛ ҮЙРЕТУ ҮЙРЕНУДЕН ДЕ ҚИЫН

Bastynews

НАУҚАСТАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Bastynews