Басты жаңалықтар Технология

Енді Яндекс.Такси тариф құнын негізсіз көтере алмайды

Цифрлық даму министрлігі Яндекс Такси компаниясына тексеріс жүргізді. Министрлік мәліметінше, аудит нәтижесінде баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекелдер анықталған. Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:

такси тарифтерінің және жол жүрудің базалық құнының қымбаттайтыны туралы Агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;

әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);

жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);

«Эконом» тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (аталған тариф ең сұранысқа ие тариф болып табылады);

максималды сұраныс жағдайында тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы, ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапарлардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);

сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;

2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;

техникалық қолдау сапасын арттыру, атап айтқанда, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру. Бұдан бөлек, Яндекс.Такси «Эконом» тарифінде сұраныс өте жоғары болса (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) виртуалды кезек жүйесін енгізеді.

Қатысты жаңалықтар

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева перед выборами в Курулта

bastynews

«Бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың біразы үш әріп боп сүмелеңдеп жүр» – журналист

Bastynews

МЕГАПОЛИСТЕГІ ҮМІТ ПЕН МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕГІ ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢГЕН БАЛАЛАР – ТОЛЫҚТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

bastynews