Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

АҚШ соққы жасау мүмкін: Иран әскеріне жоғары дайындық режимі енгізілді

Иран АҚШ әуе соққысын жасауы мүмкін деп қауіптеніп, әскеріне жоғары әскери дайындық режимін енгізді. Сондай-ақ Тегеран көрші елдерге ескерту жасап, Вашингтонға көмектескен жағдайда «салдары» болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трампттың соққы жасау мүмкіндігі туралы сөзінен кейін әскерді жоғары дайындық режиміне келтірді. 

Иран Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия мен Бахрейнге хабарлама жолдап, АҚШ-тың Иранға шабуылын кез келген түрде қолдау, соның ішінде олардың әуе кеңістігін немесе аумағын америкалық әскерилер қолданса, бұл «қастық актісі ретінде» қаралатынын ескертті. Сондай-ақ мұның «салдары ауыр болатынын» жеткізді.

30 наурызда Трамп NBC News-ке берген сұхбатында Вашингтон мен Тегеран ядролық программа бойынша келісімге келмесе, АҚШ Иранға соққы жасайтынын айтқан еді. 

«Егер келісімге қол қоймаса, бомбалау басталады. Мұндай соққыны олар бұған дейін көрмеген», – деді АҚШ президенті. 

Қатысты жаңалықтар

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Bastynews

Allstate Expects More Than $500M in Insurance Losses After Harvey

Bastynews

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Bastynews