Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі діни ахуалдың жағдайы мен оның дамуы

Қазақстан үшін дәстүрлі әрі мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын едәуір ірі конфессиялар – исламның суниттік ағымына жататын ханафи мазхабы мен орыс православие сенімі болып табылады (оларды бірінші кезекте тарихи фактор айқындаған). Ислам Қазақстан территориясында 10-ғасырдың өзінде-ақ (Қарахандықтар кезеңінде), ал православие болса, 18-ғасырда (Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін) ресми дін болып танылған.

Сонымен қатар Қазақстан территориясында бірнеше топқа бөліп қарауға болатын басқа конфессиялар да бар. Бірінші топқа иудаизм, буддизм, лютерандық және тб. ұлттық белгілерімен сипатталатын конфессияларды жатқызуға болады. Ал екінші топқа «жаңа», дәстүрлі емес деп атауға болатын діни бірлестіктерді жатқызуға болады. Ал оларды өз кезегінде екі топқа бөлуге болады.

Бұлар – ХІХ-ХХ ғасырларда негізінен АҚШ-та пайда болған діни бірлестіктер (Жетінші күн адвентистері, Иегова куәгерлері, мормондар, саентологтар және т.б.) және Қазақстанда тәуелсіздіктен кейін пайда болғандары (Алля Аят, Ата жол т.б).

Сарапшылардың пікірінше, тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдармен салыстырғанда қоғамдағы діни дәстүрлердің тұрақты бола бастауына қарамастан, бұдан бұрынғы атеистік кезеңнің ықпалы салдарынан көптеген қазақстандықтардың дінге қатысты ой-санасы тұрақтанбаған. Ал бұл жайт халықтың дінтанушылық деңгейінің көтерілуі мен тіпті теологиялық тұрғыда хабардар болуы мәселесіне қатысты ойластырылған, болжанылған жоспары жасалынуы керектігін көрсетеді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары

Bastynews

ПОВРЕЖДЕННЫЕ СИЛЬНЫМ ВЕТРОМ ЗДАНИЯ ВОССТАНАВЛИВАЮТСЯ

Bastynews

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Bastynews