Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Қызылжар елді мекеніндегі көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде айтты.

Қазіргі уақытта Қызылжар, Жаскешу елді мекеніндегі жаңадан қосылған аумақтардағы 524 үйді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 338,3 млн теңге қаралып, екі елді мекенде ішкі газ құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда Қызылжар елді мекеніндегі 189 үйді Сарыағаш автоматтандырылған газ тарату станциясына қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылжар елді мекенінің ыстық су аумағындағы 261 үй, Жаскешу елді мекеніндегі 74 үйді техникалық шартқа сәйкес, Жібек Жолы автоматтандырылған газ тарату станциясына қосу жоспарланған. Алайда Жібек Жолы автоматтандырылған газ тарату станциясының техникалық шарттары қазіргі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты газды қосу кейінге шегеріліп отыр.

Қатысты жаңалықтар

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Bastynews

Түркістан: Сарыағаш қаласындағы жол құрылысының қарқыны қандай?

Bastynews

40 пайызы көз жұмады – тек ерлер ғана шалдығатын қауіпті ауру анықталды

Bastynews