Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

Дариға Бадықова еңбек сіңірген қайраткер атағын сұрады

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова жақында ғана рекордтық көрсеткішпен аяқталған «Келінжан» сериалындағы рөлі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын сұрады. Өнер иесі аталмыш марапат берілсе, қуана қабыл алатынын айтты, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова бұл өтінішін өзінің Instagram парақшасында жеткізді. Ол «Келінжан» сериалының үлкен нәтиже көрсеткенін алға тартып, бұл үшін атақ берсе де артық етпейтінін айтты.

«Қай сезонын алсаңыз да, “Келінжан” көрерменнің көзайымына айналып, алғысын алған сериал болды. Аллаға шүкір халық «Келінжанның» бүкіл актерлық құрамын, осы сериалдың басы-қасында жұмыс жасаған бүкіл группаны мойындады. Кеше Оралға барғанда да тек осы “Келінжан” сериалын жарыса айтты. Каналда да, ютубта да рекордты просмотрды жарды. Сериал аяқталмай жатып 2млн қаралым жинағаны, қазақ сериалы үшін өте жақсы нәтиже!

Міне, халықтың өзі-ақ жоғары бағасын берген, мойындаған сериал осындай-ақ болсын. Әттең, “Келінжан” жайлы көсіліп айтар «Түнгі студиядай» бағдарламалардың болмағанын-ай. Әртістерді шақыратын шоу бағдарлама таппай қалдық! Әйтпесе, тап қазір халықтың шөлін басар бір шығарылым болар еді.⠀

Не дейміз? Сөз соңында, халық мойындаған біздерге бір жапырақ қағаздарыңызды берсеңіздер болады, мысалы “Дарын”, тіпті болмаса ҚР Еңбек сіңірген қайраткер атағын берсеңіздер де дым реніш жоқ. Қуана қабыл аламыз! Ең бастысы, көрермен, халық мойындады. Атақ берсін бе», – деп жазды актриса.

Қатысты жаңалықтар

Оқушылар онлайн сабақты зиратта оқуға мәжбүр

Bastynews

Соңғы бір жылда қазақстандықтардың табысы қалай өзгерді?

Bastynews

Желі «жұлдызы». Үйір-үйір жылқы айдаған Асыл қыз ауылды насихаттап жүр

Bastynews