Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округінде балабақшамен қамтылу көрсеткіші 86 пайыздан асты

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округінде балабақшамен қамту көрсеткіші 86 пайыздан асты, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2021 жылдың алғашқы 6 айында жасалған жұмыстары бойынша тыңдалған есебінде аймақ басшысы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ісіне қатысты деректерге тоқталды.

Қазіргі уақытта Дербісек ауылдық округінде «Балапан» бағдарламасы бойынша жалпы 10 жекеменшікбалабақша жұмыс істеп жатыр. Барша санитарлық тазалық жұмыстары өз уақытында жүргізіліп тұрады. Округ бойынша 3–6 жас аралығындағы 1701 бала балабақшамен қамтылған. Яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші  86,5% құрап отыр.

Айта кету керек, Дербісек ауылдық округі Дербісек және Атамекен елді мекендерінен құралған. Халық саны – 17 930 адам. Жер көлемі – 19070 га. Тұрғын үй саны – 2372. Отбасы саны  – 2779. Өңірде 16 ұлттың өкілі тұрады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Bastynews

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ТАБЫС ДЕҢГЕЙІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ІІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

bastynews

Тәуелсіздікке 30 жыл: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ

Bastynews