Әлем жаңалықтары Соңғы жаңалықтар

Банкке маскасыз кірген адамға оқ атқан күзетшінің әрекеті жұртты шошытты

Үндістанда банк күзетшісі маска тағудан бас тартқан қаржы ұйымының клиентіне оқ атты деп хабарлайды life.ru.

India Today мәліметінше, көптің ашуын тудырған оқиға Уттар-Прадеш штатында болған.

Теміржол қызметкері Раджеш Кумар банкке бетпердесіз кіруге тырысқан екен. Алайда қаржы ұйымының күзетшісі оны тәртіпке бағынуға шақырған. Осылайша, екеуінің арасында жанжал туындап, банк қызметкері клиентті тапаншасымен атып тастапты.

Ес-түссіз қалған Раджеш Кумардың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Қазіргі уақытта банк күзетшісі қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ 368 СЕМЕЙ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЖИЛЬЕМ ДО КОНЦА ГОДА

Bastynews

ЖЕТПІС ЖЕТІ ЖАСЫНДА ДА ӘКЕ БОЛҒАН ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙДА ЖҮР?

Bastynews

Берденовті атқан күдікті әкімдікке қарасты мекемеде жұмыс істеген

bastynews